БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 13 қазандағы № 84 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12271 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті туралы ережеде:
7-тармақтың 3-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-1) Ақжайық аудандық бөлімі, орналасқан жері: Батыс Қазақстан облысы, Чапаев кенті. Қызмет көрсету аймағы – Ақжайық және Жаңақала аудандары;".
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Кадрлар департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның орыс және қазақ тілдеріндегі көшірмелерін электронды түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдасын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген өзгерістер мен толықтырулар туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тиісті аумақтық органын бір айлық мерзім ішінде хабардар етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің |
|
Төрағасы ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты | Е. Сағымбаев |