Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 - бабының 7) тармақшасына сәйкес және 2024 жылғы 21 мамырдағы № 02-16-295 Нұра ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының м.а. ұсынысы негізінде, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Нұра ауданы Тассуат ауылының аумағында ірі қара малдың арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тассуат ауылының әкімі | А. Ахметов |