Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Сырдария ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" Сырдария аудандық мәслихатының 2022 жылғы 20 қазандағы № 165 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30263 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сырдария аудандық мәслихатының төрағасы | Е.Әжікенов |
Сырдария аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 маусымдағы № 114 шешіміне қосымша |
Сырдария аудандық мәслихатының 2022 жылғы 20 қазандағы № 165 шешімімен бекітілген |
Сырдария ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері
Атауы | Есептік бірлік | Теңге (қосылған құн салығынсыз) |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын айына | 138,88 |
Бір бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф | 1 текше метр | 2182,76 |