Сырдария ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңартылған

Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2022 жылғы 20 қазандағы № 165 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 21 қазанда № 30263 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабының 3-тармағының 3) –тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШТI:

      1. Сырдария ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Сырдария ауданында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және әкету тарифтерін бекіту туралы" Сырдария аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 cәуірдегі № 40 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8317 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Сырдария аудандық мәслихат хатшысы Е. Әжікенов

  Сырдария аудандық мәслихатының
2022 жылғы 20 қазандағы
№ 165 шешіміне қосымша

Сырдария ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 26.06.2024 № 114 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

Атауы

Есептік бірлік

Теңге (қосылған құн салығынсыз)

Жайлы емес үйлер

1 тұрғын айына

138,88

Бір бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф

1 текше метр

2182,76


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады