Сырдария ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидасын бекіту туралы

Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 151 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығына сәйкес Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сырдария ауданында жергiлiктi қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.

      2. Сырдария аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 222 "Сырдария ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріcтер енгізу туралы" Сырдария аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы №119 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң колданыска енгiзiледi.

      Сырдария аудандық мәслихатының төрағасы Е. Әжікенов

  Сырдария аудандық мәслихатының
2024 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 151 шешіміне қосымша

Сырдария ауданында жергiлiктi қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидасы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сырдария ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және кент пен ауылдық округ тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны – кент, ауылдық округ көше тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы;

      2) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы.

2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін кенттің, ауылдық округтің аумағы учаскелерге (көшелер) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Кенттің және ауылдық округтің әкімі көше шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын шақырады және өткізуді ұйымдастырады.

      Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған кезде көппәтерлі үйдің бөлек жиындары жүргізілмейді.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жергілікті қоғамдастықтың халқын кенттің, ауылдық округтің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді.

      7. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында тиісті көшенің қатысып отырған тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Кәмелетке толмағандардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуына жол берілмейді.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы көшеде тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын кенттің, ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Кенттің, ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.

      9. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін кенттегі көше тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бір адамды құрайды.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдық округтердегі көше тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы үш адамды құрайды.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көше өкілдерінің кандидатураларын сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының қатысушылары ұсынады.

      10. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланды деп есептеледі.

      Егер жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда, бөлек жиынның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

      11. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды және бөлек жиын өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жиын хатшысы тіркеу үшін тиісті кент және ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.

      Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хаттама жүргізіледі, онда:

      1) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілген күні мен орны;

      2) тиісті аумақта тұратын және жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;

      3) қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;

      4) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

      5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообщества в Сырдарьинском районе

Решение Сырдарьинского районного маслихата Кызылординской области от 12 декабря 2024 года № 151

      В соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 23 июня 2023 года № 122 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" Сырдарьинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить правила проведения раздельных сходов местного сообщества в Сырдарьинском районе согласно приложению к настоящему решению.

      2. Признать утратившим силу решение Сырдарьинского районного маслихата от 29 декабря 2021 года № 119 "О внесении изменений в решение Сырдарьинского районного маслихата от 10 апреля 2014 года № 222 "Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества Сырдарьинского района".

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Сырдарьинского районного маслихата Е. Әжікенов

  Приложение к решению
Сырдарьинского районного маслихата
от 12 декабря 2024 года № 151

Правила проведения раздельных сходов местного сообщества в Сырдарьинском районе

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящее правила проведения раздельных сходов местного сообщества в Сырдарьинском районе разработаны в соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и устанавливают порядок проведения раздельных сходов местного сообщества жителей поселка и сельского округа.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) раздельный сход местного сообщества – непосредственное участие жителей (членов местного сообщества) улиц поселка, сельского округа в избрании представителей для участия в сходе местного сообщества;

      2) местное сообщество – совокупность жителей (членов местного сообщества), проживающих на территории соответствующей административно-территориальной единицы, в границах которой осуществляется местное самоуправление, формируются и функционируют его органы.

Глава 2. Порядок проведения раздельных сходов местного сообщества

      3. Для проведения раздельного схода местного сообщества территория поселка, сельского округа подразделяется на участки (улицы).

      4. На раздельных сходах местного сообщества избираются представители для участия в сходе местного сообщества в количестве не более трех человек.

      5. Акимом поселка и сельского округа созывается и организуется проведение раздельного схода местного сообщества в пределах улицы.

      При наличии в пределах улицы многоквартирных домов раздельные сходы многоквартирного дома не проводятся.

      6. О времени, месте созыва раздельных сходов местного сообщества и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается акимом поселка, сельского округа не позднее чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или иными способами.

      7. Перед открытием раздельного схода местного сообщества проводится регистрация присутствующих жителей соответствующих улиц.

      Не допускается участие в раздельном сходе местного сообщества несовершеннолетних лиц, лиц, признанных судом недееспособными, а также лиц, содержащихся в местах лишения свободы по приговору суда.

      Раздельный сход местного сообщества считается состоявшимся при участии не менее десяти процентов жителей (членов местного сообщества), проживающих в данной улице.

      8. Раздельный сход местного сообщества открывается акимом поселка, сельского округа или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода местного сообщества является аким поселка, сельского округа или уполномоченное им лицо.

      На раздельном сходе местного сообщества ведется протокол, для оформления протокола раздельного схода местного сообщества открытым голосованием избирается секретарь.

      9. Количественный состав представителей жителей улиц поселка для участия в сходе местного сообщества составляет один человек.

      Количественный состав представителей жителей улиц в сельских округах для участия в сходе местного сообщества составляет три человека.

      Кандидатуры представителей жителей улиц для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода местного сообщества в соответствии с количественным составом.

      10. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшее количество голосов участников раздельного схода местного сообщества.

      Председатель раздельного схода пользуется правом решающего голоса в случае, если при голосовании на раздельном сходе местного сообщества голоса участников разделяются поровну.

      11. Протокол раздельного схода местного сообщества подписывается председателем и секретарем и в течение двух рабочих дней со дня проведения раздельного схода передается секретарем схода в аппарат акима соответствующего поселка и сельского округа для регистрации.

      На сходе местного сообщества или собрании местного сообщества ведется протокол, в котором указываются:

      1) дата и место проведения схода местного сообщества или собрания местного сообщества;

      2) общее число членов местного сообщества, проживающих на соответствующей территории и имеющих право участвовать в сходе местного сообщества или на собрании местного сообщества;

      3) количество и список присутствующих с указанием фамилии, имени, отчества (при его наличии);

      4) фамилия, имя, отчество (при его наличии) председателя и секретаря схода местного сообщества или собрания местного сообщества;

      5) повестка дня, содержание выступлений и принятые решения.