"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қызылорда облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы қорытындысы негізінде және Байсын ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңатұрмыс ауылдық округі Байсын ауылының атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:
атауы жоқ көшесіне Елеупан Жұмабаев көшесі;
атауы жоқ көшесіне Амирше Оспанкулов көшесі;
атауы жоқ көшесіне Салтай Тобағабылов көшесі;
атауы жоқ көшесіне Сейхұн көшесі;
атауы жоқ көшесіне Ақмешіт көшесі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімі | Б. Шәкіртаев |