Жаңатұрмыс ауылдық округі Байсын ауылының атауы жоқ көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 26 қаңтардағы № 219 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қызылорда облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы қорытындысы негізінде және Байсын ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жаңатұрмыс ауылдық округі Байсын ауылының атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      атауы жоқ көшесіне Елеупан Жұмабаев көшесі;

      атауы жоқ көшесіне Амирше Оспанкулов көшесі;

      атауы жоқ көшесіне Салтай Тобағабылов көшесі;

      атауы жоқ көшесіне Сейхұн көшесі;

      атауы жоқ көшесіне Ақмешіт көшесі.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімі Б. Шәкіртаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады