Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 69 - бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Рахат ауылы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Жаңаөзен қалалық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне 4 кезек газ құбырын жүргізу үшін дәлізге (коридор) жалпы көлемі 0,7025 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2027 жылдың 01 наурызына дейін қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Жер учаскесінің бөлінетіндігі (бөлінбейтіндігі): бөлінеді.
3. Жер учаскесі арқылы инженерлік желілер және инженерлік желі тораптарын жөндеу жұмыстарына пайдалану және жер учаскесі арқылы жаяу немесе көлікпен өтуге мүмкіндік берілсін.
4. Осы шешімнің орындалысын бақылау Рахат ауылы әкімінің орынбасары Қ. Табанбаевқа жүктелсін.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Рахат ауылының әкімі | Р. Сырымов |