Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 1 қарашадағы № 6/45 "Мұнайлы ауданының Баянды ауылы және Батыр, Дәулет, Қызылтөбе ауылдық округтері бойынша 2023 - 2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" шешімінің (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/G23MG00645M) күші жойылды деп танылсын.
2. "Мұнайлы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мұнайлы аудандық мәслихатының төрағасы | Б. Билялов |