Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің "Жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы" 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 558 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8180 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты ауданаралық (қалааралық облысішілік) тасымалдау тарифтері 1 (бір) километрге 9 (тоғыз) теңге болып белгіленсін.".
2. "Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі | Қ. Ақсақалов |
Келісілді
Қостанай облыстық
мәслихаты сессиясының
2024 жылғы 14 маусымдағы
№ 141 шешімімен