Жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы әкімдігінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 558 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 24 желтоқсанда № 8180 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 4-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты ауданаралық (қалааралық облысішілік) тасымалдау тарифтері 1 (бір) километрге 9 (тоғыз) теңге болып белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 06.09.2024 № 356 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Қостанай облысы әкімдігінің "Қостанай облысы бойынша жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдауға арналған тарифтерін белгілеу туралы" 2018 жылғы 31 мамырдағы № 257 қаулысының (2018 жылғы 3 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7902 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады