Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 18 қарашадағы № 2077 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 31 қазандағы № 499 бұйрығымен бекітілген жерге орналастыру жобасы негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай-Су" мемлекеттік коммуналдық кәсірорнына "№ 2 КСС қайта жаңарту" объектісі бойынша жобалау және құрылыс кезеңіне инженерлік коммуникацияларды жүргізу үшін Қостанай қаласы мекенжайында орналасқан, елді мекендердің жері санатынан жалпы алаңы 0,6386 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім М. Жүндібаев

Об установлении публичного сервитута на земельный участок

Постановление акимата города Костаная Костанайской области от 18 ноября 2024 года № 2077

      В соответствии с подпунктом 5-1 со статьей 18, пунктом 4 статьи 69 Земельного кодекса Республики Казахстан, статьей 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", на основании землеустроительных проектов, утвержденных приказами государственного учреждения "Отдел земельных отношений акимата города Костаная" от 31 октября 2024 года № 499 акимат города Костаная ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить государственному коммунальному предприятию "Костанай-Су" акимата города Костаная государственного учреждения "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог акимата города Костаная" из категории земель населенных пунктов публичный сервитут на земельный участок, расположенный по адресу: город Костанай, для прокладки инженерных коммуникаций по объекту: "Реконструкция КНС № 2" на период проектирования и строительства, общей площадью 0,6386 гектар.

      2. Государственному учреждению "Отдел земельных отношений акимата города Костаная" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) направление настоящего постановления в течение пяти рабочих дней со дня подписания на официальное опубликование в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан.

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата города Костаная после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима города Костаная.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким М. Жундубаев