Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 1-тармағы 5-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағы 2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, өтініш негізінде Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне мынадай жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін:
Рудный қаласы, 11 шағынаудан мекенжайы бойынша сыртқы электрмен жабдықтау тораптарын төсеу, байланыс желілері мен абаттандыру мақсатында көлемі 0,0462 га;
Рудный қаласы, 11 шағынаудан мекенжайы бойынша сыртқы электрмен жабдықтау тораптарын төсеу, байланыс желілері мен абаттандыру мақсатында көлемі 0,0791 га;
Рудный қаласы, 11 шағынаудан мекенжайы бойынша сыртқы электрмен жабдықтау тораптарын төсеу, байланыс желілері мен абаттандыру мақсатында көлемі 0,4053 га.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Рудный қаласының әкімі | В. Ионенко |