Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17, 43, 67, 69,75, баптарына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1) тармағының 6) тармақшасына сәйкес, "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының акционерлік қоғамының Қостанай облыстық филиалының жер учаскесіне келісілуі негізінде Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы мемлекеттік мекемесіне, Алтынсарин ауданы аумағындағы "Екатеринбург – Алматы" тас жолының 601-605 шақырымында, антенна-мачталық имараттың құрылысы үшін, жалпы аланы 0,04 гектар, антенна-мачталық имаратқа электрмен қамту желісінің құрылысы үшін, жалпы аланы 1,6 гектар жер учаскесін, "Екатеринбург – Алматы" тас жолының 628-632 шақырымында, антенна-мачталық имараттың құрылысы үшін, жалпы аланы 0,04 гектар, антенна-мачталық имаратқа электрмен қамту желісінің құрылысы үшін, жалпы аланы 1,6 гектар жер учаскесін, мерзімі 5 жылға шектеулі мақсатты (қоғамдық сервитут) пайдалану құқығы берілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
А. Сартов |