Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес ШЕШТІМ:
1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына В2В сегменті үшін талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу мен пайдалану мақсатында жалпы алаңы 0,0810 гектар жер учаскесіне Амангелді ауданы, Байғабыл ауылдық округі, Байғабыл ауылы, Құлымбетов көшесі, 16 мекенжайы бойынша қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Амангелді ауданының Байғабыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2) осы шешімді оның ресми жарияланғанынан кейін Амангелді ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Байғабыл ауылдық округінің әкімі | А. Зейнолдин |