"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 8-тармағына сәйкес Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кент, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2024 жылы мынадай әлеуметтік қолдау көрсетілсін:
жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит:
аудан орталығына келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада;
ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат төрағасы | Д. Қойшыбаев |