Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына 2)-тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Тельман ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына "Қостанай облысы B2G сегменті үшін ТОБЖ құрылысы" объектісі бойынша талшықты-оптикалық байланыс желісін төсеу, оған қызмет көрсету мен пайдалану мақсатында Қостанай облысы Денисов ауданы Тельман ауылдық округі Антоновка ауылының Целинная көшесінің аумағында орналасқан жалпы алаңы 0,1862 гектар жер учаскесінде 48 (қырық сегіз) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Тельман ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Тельман ауылдық округі әкімі аппаратының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Тельман ауылдық округінің әкімі | А. Имаканов |