Жітіқара ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2025 жылы әлеуметтік қолдау ұсыну туралы

Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 251 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабы 8-тармағына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жітіқара ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2025 жылы көтерме жәрдемақы жүз еселенген айлық есептік көрсеткішке тең сомада және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселік мөлшерінен аспайтын сомада ұсынылсын.

      2. Осы шешім ресми жариялануға тиіс және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара аудандық мәслихатының төрағасы Н. Уразалинов

О предоставлении в 2025 году социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Житикаринского района

Решение маслихата Житикаринского района Костанайской области от 30 декабря 2024 года № 251

      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 8 статьи 18 Закона Республики Казахстан "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", приказом министра национальной экономики Республики Казахстан от 6 ноября 2014 года № 72 "Об утверждении размеров и Правил предоставления мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, поселков, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты", Житикаринский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Предоставить в 2025 году специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Житикаринского района, подъемное пособие в сумме, равной стократному месячному расчетному показателю и социальную поддержку для приобретения или строительства жилья – бюджетный кредит в сумме, не превышающей две тысячи кратного размера месячного расчетного показателя.

      2. Настоящее решение подлежит официальному опубликованию и вводится в действие с 1 января 2025 года.

      Председатель Житикаринского районного маслихата Н. Уразалинов