"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабы 8-тармағына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жітіқара ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2025 жылы көтерме жәрдемақы жүз еселенген айлық есептік көрсеткішке тең сомада және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселік мөлшерінен аспайтын сомада ұсынылсын.
2. Осы шешім ресми жариялануға тиіс және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Жітіқара аудандық мәслихатының төрағасы | Н. Уразалинов |