"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Aзаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48 - бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың жіктемесін белгілеу туралы" № 240 бұйрығына, Қарасу ауданының төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының 2024 жылғы 4 сәуірдегі № 3 кезектен тыс отырысының хаттамасына сәйкес Қарасу ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарасу ауданының аумағында табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Қарасу ауданының аумағында табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс - шаралар өткізілсін.
3. Қарасу ауданы әкімінің орынбасары Ахмеров Адильхан Акылбекович табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайды жою жөніндегі басшы болып тағайындалсын.
4. "Қарасу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберу;
2) осы шешім Қарасу ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылсын.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарасу ауданы әкімінің міндетін атқарушы | Д. Турсунбаева |