Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабына, 69-бабы 4-тармағының 10-тармақшасына, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Тобыл кенті ІІ-ші көтеру станциясына дейін магистральдық су орнату және паййдалану үшін Бейімбет Майлин ауданының аумағында орналасқан жер учаскелеріне 3 жылға қауымдық сервитут белгіленсін, оның ішінде:
кадастрлық нөмірі 12-189-045-232, жалпы ауданы 0,512 гектар;
кадастрлық нөмірі 12-189-045-187, жалпы ауданы 0,7 гектар;
кадастрлық нөмірі 12-189-045-053, жалпы ауданы 1,072 гектар;
кадастрлық нөмірі 12-189-045-099, жалпы ауданы 0,516 гектар;
кадастрлық нөмірі 12-189-045-096, жалпы ауданы 0,492 гектар.
2. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесімен Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесіне қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жолдау;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жарияланғаннан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыру қамтамасыз етілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына Бейімбет Майлинге жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бейімбет Майлин ауданының әкімі | Қ. Мыржақыпов |