"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Ұзынкөл ауданының Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына Ұзынкөл ауданының Ұзынкөл ауылдық округінің Абылай хан атындағы көшесі 36 ауданы 0,0247 га аумағында орналасқан жер учаскесіне "Қостанай облысы, В2В сегменті үшін ТОБЖ салу" талшықты-оптикалық байланыс желісін төсеу және қызмет көрсету үшін 49 жыл мерзімге өтеусіз негізінде жер пайдалану құқығымен шектеулі нысаналы пайдалану құқығы (жария сервитут) белгіленсін
2. "Ұзынкөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппе:
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберу;
2) осы шешімді Ұзынкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыру.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі | К. Нурмагамбетов |