БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті бөлімшелері арнайы көлік құралдары тиесілілігінің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 29 наурыздағы № 141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22422 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті бөлімшелерінің арнаулы көлік құралдары тиістілігінің заттай нормалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі |
Ч. Аринов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 25 маусымдағы № 246 бұйрығына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 29 наурыздағы № 141 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті бөлімшелерінің арнайы көлік құралдары тиесілігінің заттай нормалары
Атауы | Арнайы көлік құралының функционалдық мақсаты | Арнайы көлік құралдарын пайдаланатын мемлекеттік мекемелер | Өлшем бірлігі (дана) | Максималдық жылдық пайдалану нормасы (бір автомобиль) | Қызмет мерзімі (жыл) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Арнайы көлік құралы | Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру үшін (қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар, оқыс оқиғалар кезінде туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың қызметкерлер мен халыққа зиянды әсерінің алдын алу) | Орталық аппарат | 1 | 40 000 км | 13 |
Абай облысы | 2 | 40 000 км | 13 | ||
Ақмола облысы | 3 | 40 000 км | 13 | ||
Ақтөбе облысы | 2 | 40 000 км | 13 | ||
Алматы облысы | 2 | 40 000 км | 13 | ||
Атырау облысы | 3 | 40 000 км | 13 | ||
Шығыс Қазақстан облысы | 3 | 40 000 км | 13 | ||
Жамбыл облысы | 2 | 40 000 км | 13 | ||
Жетісу облысы | 1 | 40 000 км | 13 | ||
Батыс Қазақстан облысы | 2 | 40 000 км | 13 | ||
Қарағанды облысы | 3 | 40 000 км | 13 | ||
Қызылорда облысы | 2 | 40 000 км | 13 | ||
Қостанай облысы | 3 | 40 000 км | 13 | ||
Маңғыстау облысы | 2 | 40 000 км | 13 | ||
Павлодар облысы | 3 | 40 000 км | 13 | ||
Солтүстік Қазақстан облысы | 2 | 40 000 км | 13 | ||
Түркістан облысы | 3 | 40 000 км | 13 | ||
Ұлытау облысы | 3 | 40 000 км | 13 | ||
Астана қаласы | 2 | 40 000 км | 13 | ||
Алматы қаласы | 2 | 40 000 км | 13 | ||
Шымкент қаласы | 1 | 40 000 км | 13 | ||
Норма көрсеткішінің саны бойынша жиыны | - | - | 47 | - | - |
Ескертпе: * арнайы көлік құралы - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыруға арналған жеңіл автомобиль базасындағы көлік құралы (қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар, оқыс оқиғалар кезінде туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың қызметкерлер мен халыққа зиянды әсерінің алдын алу). |