Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 6-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2024-2025 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Байханов |
Павлодар облысы әкімдігінің 2024 жылғы "__" ___________ № ______ қаулысына қосымша |
2024-2025 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облысы әкімдігінің 08.01.2025 № 5/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ | Кадрларды даярлау бағытының коды мен топтастырылуы | Кадрларды даярлау бойынша клиникалық мамандықтар атауы | Оқыту нысандары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі (орындар, гранттар саны) | Бір оқушыны (маманды) оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны, теңге |
1 | В033 Дінтану мамандарын даярлау | Теология | 2 | 1055900 |
2 | В033 Дінтану мамандарын даярлау | Исламтану | 3 | 1055900 |
3 |
7R09 | Неонатология | 1 | 1 811 300 |
4 |
7R09 | Акушерия және гинекология ересектердің, балалардың | 3 | 1 811 300 |
6 |
7R09 | Педиатрия | 1 | 1 811 300 |
8 |
7R09 | Радиология | 10 | 1 811 300 |
9 |
7R09 | Физикалық медицина және оңалту ересектердің, балалардың | 8 | 1 811 300 |
10 |
7R09 | Аллергология және иммунология ересектердің, балалардың | 2 | 1 811 300 |
13 |
7R09 | Клиникалық зертханалық диагностика | 1 | 1 811 300 |
15 |
7R09 | Психиатрия ересектердің, балалардың | 3 | 1 811 300 |
18 |
7R09 | Жақ сүйек-бет хирургиясы ересектердің, балалардың | 5 | 1 811 300 |
19 |
7R09 | Жалпы хирургия | 1 | 1 811 300 |
Барлығы: | 40 |