2024-2025 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

Жаңартылған

Павлодар облысы әкімдігінің 2024 жылғы 20 қарашадағы № 276/2 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 6-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2024-2025 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Байханов

  Павлодар облысы әкімдігінің
2024 жылғы "__" ___________
№ ______ қаулысына
қосымша

2024-2025 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облысы әкімдігінің 08.01.2025 № 5/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Кадрларды даярлау бағытының коды мен топтастырылуы

Кадрларды даярлау бойынша клиникалық мамандықтар атауы

Оқыту нысандары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі (орындар, гранттар саны)

Бір оқушыны (маманды) оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны, теңге

1

В033 Дінтану мамандарын даярлау

Теология

2

1055900

2

В033 Дінтану мамандарын даярлау

Исламтану

3

1055900

3

7R09
Денсаулық сақтау (медицина)

Неонатология

1

1 811 300

4

7R09
Денсаулық сақтау (медицина)

Акушерия және гинекология ересектердің, балалардың

3

1 811 300

6

7R09
Денсаулық сақтау (медицина)

Педиатрия

1

1 811 300

8

7R09
Денсаулық сақтау (медицина)

Радиология

10

1 811 300

9

7R09
Денсаулық сақтау (медицина)

Физикалық медицина және оңалту ересектердің, балалардың

8

1 811 300

10

7R09
Денсаулық сақтау (медицина)

Аллергология және иммунология ересектердің, балалардың

2

1 811 300

13

7R09
Денсаулық сақтау (медицина)

Клиникалық зертханалық диагностика

1

1 811 300

15

7R09
Денсаулық сақтау (медицина)

Психиатрия ересектердің, балалардың

3

1 811 300

18

7R09
Денсаулық сақтау (медицина)

Жақ сүйек-бет хирургиясы ересектердің, балалардың

5

1 811 300

19

7R09
Денсаулық сақтау (медицина)

Жалпы хирургия

1

1 811 300

Барлығы:

40



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады