Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің 2024 жылғы 26 ақпандағы № 1 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" бұйрығына сәйкес, Екібастұз қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссиясының кезектен тыс отырысының 2024 жылғы 23 ақпандағы № 3 хаттамасы негізінде, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:

      1. Екібастұз қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Ержан Маратович Салханов тағайындалсын және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкімі А. Бейсекин

Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера местного масштаба

Решение акима города Экибастуза Павлодарской области от 26 февраля 2024 года № 1

      В соответствии с подпунктом 13) пункта 1 статьи 33 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 48 и подпунктом 2) пункта 2 статьи 50 Закона Республики Казахстан "О гражданской защите", приказом и.о. Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 10 мая 2023 года № 240 "Об установлении классификации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера", на основании протокола внеочередного заседания городской комиссии по предупреждению и ликвидации чрезвычайных ситуации города Экибастуза от 23 февраля 2024 года № 3, РЕШИЛ:

      1. Объявить чрезвычайную ситуацию техногенного характера местного масштаба на территории города Экибастуза.

      2. Руководителем ликвидации чрезвычайной ситуации техногенного характера назначить заместителя акима города Экибастуза Салханова Ержана Маратовича и поручить провести мероприятия, направленные на ликвидацию чрезвычайной ситуации техногенного характера.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      4. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким города Экибастуз А. Бейсекин