Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы", "Азаматтық қорғау туралы" Заңдарына сәйкес, Екібастұз қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссиясының кезекті отырысының 2024 жылғы 18 наурыздағы № 4 хаттамасы негізінде, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Екібастұз қаласы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қаласының әкімі | А. Бейсекин |
Екібастұз қаласы әкімінің 2024 жылғы "31" мамыр № 7 шешіміне қосымша |
Екібастұз қаласы әкімінің күшін жоюға жататын шешімдерінің тізбесі
1. Екібастұз қаласы әкімінің 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 2 "Объектілік масштабтағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешімі.
2. Екібастұз қаласы әкімінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 4 "Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешімі.
3. Екібастұз қаласы әкімінің 2024 жылғы 26 ақпандағы № 1 "Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешімі.