Объектілік масштабтағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 2 шешімі. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің 2024 жылғы 31 мамырдағы № 7

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің 31.05.2024 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" № 756 қаулысына сәйкес, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша қалалық комиссияның кезектен тыс отырысының 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 10 хаттамасы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Екібастұз қаласы Мәшһүр Жүсіп көшесі № 2 көппәтерлі тұрғын үйде болған өртке байланысты объектілік масштабтағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Ануарбек Дюсембаевич Аманов төтенше жағдайды жою басшысы болып тағайындалсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкімі А. Бейсекин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады