Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 33-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" бұйрығына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ақтоғай ауданы әкімдігі атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі жаңа редакцияда бекітілсін.
2. Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 2 мамырдағы № 176 "Ақтоғай ауданы әкімдігі атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде 2023 жылғы 11 мамырда № 180633 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтоғай аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Қ. Арынов |