Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" бұйрығына, Баянауыл ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының 2024 жылғы 28 ақпандағы кезектен тыс отырысының №5 хаттамасына сәйкес, ШЕШТІМ:
1. "Майкаинзолото" акционерлік қоғамының жерасты кеніші аумағында жердің опырылуы орын алған жерге жақын орналасқан тұрғын үйлердің тұрғындарының өміріне қауіп төнуі мүмкін болуына байланысты Павлодар облысы Баянауыл ауданы Майқайың кентінің аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Жергілікті ауқымдағы техногенді сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары Еркин Темирболатович Арыстанбеков тағайындалсын және техногенді сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Баянауыл ауданының экономика және қаржы бөлімі техногенді сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу үшін қаржы қарастырсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Баянауыл ауданының әкімі | А.Ксентаев |