"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес Железин ауылдық округінің Железинка ауылы халқының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 23 қарашадағы қорытындысы негізінде, Железин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Железин ауданы Железинка ауылының келесі көшелерінің атауы өзгертілсін:
"70 лет октября" көшесі "Ахмет Байтұрсынұлы" көшесіне;
"Киров" көшесі "Нұрым Үсенов" көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Железин ауылдық округінің әкімі | К. Айсаков |