"Тереңкөл ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Павлодар облысы Тереңкөл ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 30 сәуірдегі № 104/3 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес Тереңкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Тереңкөл ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. "Тереңкөл ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      Аудан әкімі А. Маңғұтов

  Тереңкөл ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 30 сәуірдегі
№ 104/3 қаулысымен
бекітілген

"Тереңкөл ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Тереңкөл ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – қаржы бөлімі) бюджеттің атқарылуы, аудан бюджетінің атқарылуы бойынша бюджеттік есепке алу мен есептілікті жүргізу, аудандық коммуналдық меншікті басқару, мемлекеттік сатып алу процесінің мониторингін жүзеге асыру салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Қаржы бөлімінің ведомстволары жоқ.

      3. Қаржы бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Қаржы бөлімі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Қаржы бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Қаржы бөлімі, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Қаржы бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен қаржы бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Қаржы бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 140600, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Тереңкөл ауданы, Тереңкөл ауылы, Елгин көшесі, 172.

      10. Осы Ереже қаржы бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Мемлекет Тереңкөл ауданы әкімдігі тұлғасында қаржы бөлімінің құрылтайшысы болып табылады.

      12. Қаржы бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. Қаржы бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен қаржы бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер қаржы бөліміне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

      14. Қаржы бөлімінің жұмыс тәртібі келесі тәртіпте белгіленеді: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, аптасына бес жұмыс күн, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.

2-тарау. "Тереңкөл ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаты, қызметінің мәні, міндеттері және өкілеттіктері

      15. Қаржы бөлімі қызметінің мақсаты аудандық бюджетті атқаруға, аудан бюджетінің атқарылуы бойынша бюджеттік есеп пен есептілікті жүргізуге, аудандық коммуналдық мүлікті басқаруға бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады.

      16. Қаржы бөлімі қызметінің мәні аудандық деңгейде аудандық бюджетті атқару мәселелері бойынша іс-шараларды іске асыру, аудандық бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік есеп пен есептілікті жүргізу, аудандық коммуналдық меншікті басқару болып табылады.

      17. Міндеттері:

      1) Тереңкөл ауданының аумағында бюджеттің атқарылуы жөніндегі жұмысты үйлестіру;

      2) ауданның аудандық коммуналдық меншігін басқару;

      3) аудан бюджетінің атқарылуына мониторингті жүзеге асыру, оның орындалуы туралы есепті дайындау;

      4) Тереңкөл ауданында бюджетті атқару жөніндегі мемлекеттік саясатты жетілдіру жөнінде ұсыныстар қалыптастыру;

      5) Тереңкөл ауданының коммуналдық меншігіне қатысты мемлекеттік саясатты іске асыру;

      6) мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тізбеге сәйкес, сондай-ақ тапсырыс берушінің бастамасы бойынша бюджеттік бағдарламалар және (немесе) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;

      7) мемлекеттік сатып алу мониторингін жүзеге асыру.

      18. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      Тереңкөл ауданы әкімдігінің және аудан әкімінің қарауына аудан бюджетінің атқарылуы, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларды құру, қайта ұйымдастыру және тарату, аудандық коммуналдық меншікті басқару, мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;

      мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпорындардың лауазымды тұлғалар мен азаматтардың келісімі бойынша қаржы бөлімінің алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша ақпаратты белгіленген тәртіпте сұрату және алу;

      олардың басшыларының келісімі бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын басқа атқарушы органдардың мамандарын жұмысқа тарту;

      мемлекеттік органдарда, сотта қаржы бөлімінің мүдделерін ұсыну;

      өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасу.

      2) Міндеттері:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау;

      мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті тек қызметтік мақсатта пайдалану;

      Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс әкімдігінің, облыс және аудан әкімінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау.

      19. Функциялары:

      1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджетті атқару жөніндегі қызметін үйлестіреді;

      2) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, жергілікті бюджетті жасауды, бекітуді және жүргізуді және оларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуді жүзеге асырады;

      3) жергілікті бюджеттің атқарылуын ұйымдастырады;

      4) бюджеттік мониторингті жүзеге асырады, бюджеттік мониторинг нәтижелері бойынша аудан бюджетінің атқарылуы туралы талдамалық есепті қалыптастырады, сондай-ақ бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аудандық бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасайды;

      5) бюджет қаражатын игеру мониторингін жүзеге асырады;

      6) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы, аудан бюджеті бойынша демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін ақша түсімдері мен жұмсалуы туралы есептерді жасайды;

      7) аудан бюджетінің кредиторлық және дебиторлық берешектері туралы жиынтық есептерді жасайды;

      8) жергілікті атқарушы органның резервінен қаражат бөлу туралы аудан әкімдігі қаулыларының жобаларына қорытындылар дайындайды;

      9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен жергілікті атқарушы органның борыштарын өтейді және оларға қызмет көрсетеді;

      10) жергілікті атқарушы органның резервінен қаражаттың пайдаланылуын есепке алуды және талдауды жүргізеді;

      11) өткен қаржы жылында Қазақстан Республикасының Үкіметі оларды ағымдағы қаржы жылында одан әрі пайдалану (толық пайдалану) туралы шешім қабылдамаған республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомаларын қайтаруды жүзеге асыру;

      12) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша пайдалануға (толық пайдалануға) рұқсат етілген, өткен қаржы жылында бөлінген нысаналы даму трансферттерінің қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомаларын қайтаруды жүзеге асыру;

      13) белгіленген тәртіппен Павлодар облысының қаржы басқармасына, жергілікті атқарушы және өкілді органдарға аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есептерді ұсынуды қамтамасыз етеді;

      14) коммуналдық заңды тұлғалардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың тізілімін жүргізуді қамтамасыз етеді;

      15) аудандық коммуналдық меншіктің тұрғын емес қорының объектілерін жекешелендіру бойынша аудан әкімдігінің актілерін әзірлейді, аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындауды және жасасуды жүзеге асырады;

      16) мемлекет қатысатын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерді, заңды тұлғаларды құруға, оларды қайта ұйымдастыруға, таратуға қатысады;

      17) аудан әкімдігіне тиесілі акцияларға дивидендтердің уақтылы және толық есептелуін және олардың төленуін, сондай-ақ жарғылық капиталына қатысу үлесі аудан әкімдігіне тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары арасында таза табыстың бөлінуін бақылауды жүзеге асырады;

      18) аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекіту жөнінде іс-шаралар жүргізеді, тиісті қабылдау-тапсыру актілерін бекітеді;

      19) аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға), несие шарттары бойынша өтеусіз пайдалануға беру,концессияға беру, мердігерлік шарттар бойынша мүлікті беру, жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне өтеусіз негізде меншікке беру құқығымен сенімгерлік басқару жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;

      20) мүлікті (тұрғын емес қорды) мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру және қабылдау, жеке меншіктен мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдау, коммуналдық меншікке жекелеген негіздер бойынша түскен мүлікті пайдалану, аудандық коммуналдық мүлікті қалалар, аудандар деңгейіне қабылдау және беру жөніндегі іс-шараларды жүргізеді, берудің тиісті қабылдау актілерін бекітеді;

      21) мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тізбеге сәйкес, сондай-ақ тапсырыс берушінің бастамасы бойынша бюджеттік бағдарламалар және (немесе) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады және жүргізеді;

      22) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша есептілікті жүзеге асырады;

      23) мемлекеттік сатып алу мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасайды;

      24) талап-арыз жұмысын жүргізеді;

      25) заңнамада белгіленген тәртіппен жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштерін, қызметтік хат-хабарларды қарауды қамтамасыз етеді;

      26) құжаттарды сақтауды ұйымдастыру және мемлекеттік мұрағатқа беру, тұрақты сақтау және жою істерін іріктеу және дайындау бойынша жұмыс жүргізеді.

3-тарау. "Тереңкөл ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      20. Қаржы бөлімін басқаруды басшы жүзеге асырады, ол қаржы бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      21. Қаржы бөлімінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      22. Қаржы бөлімі басшысының өкілеттіктері:

      1) қаржы бөлімінің қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

      2) қаржы бөлімінің мүлкі мен қаражатына иелік етеді және істердің жай-күйіне дербес жауапты болады;

      3) қаржы бөлімі қызметкерлерінің функционалдық міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      4) қаржы бөлімінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      5) қаржы бөлімінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза салады;

      6) қаржы бөлімінің қызметкерлерін көтермелеуді жүзеге асырады;

      7) барлық органдар мен ұйымдарда қаржы бөлімін ұсынады;

      8) қаржы бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте кеңес шақырады;

      9) өз өкілеттіктері шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға міндетті және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін дербес жауапты болады.

      23. Қаржы бөлімі басшысы болмаған кезеңде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның өкілеттіктерін орындауды оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      24. Қаржы бөлімі мен коммуналдық мүлікті басқару бойынша уәкілетті органының (ауданның жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      25. Қаржы бөлімі мен тиісті саланың уәкілетті органы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      26. Қаржы бөлімінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас мемлекеттік қызмет туралы, еңбек заңнамасына және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.

4-тарау. "Тереңкөл ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      27. Қаржы бөлімі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Қаржы бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      28. Қаржы бөліміне бекітілген мүлік ауданның коммуналдық меншігіне жатады.

      29. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, қаржы бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқылы емес.

5-тарау. "Тереңкөл ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      30. Қаржы бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел финансов района Тереңкөл"

Постановление акимата района Тереңкөл Павлодарской области от 30 апреля 2024 года № 104/3

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан "О государственном имуществе", постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года № 590 "О некоторых вопросах организации деятельности государственных органов и их структурных подразделений" акимат района Тереңкөл ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить Положение о государственном учреждении "Отдел финансов района Тереңкөл".

      2. Государственному учреждению "Отдел финансов района Тереңкөл" в установленном законодательством порядке принять необходимые меры, вытекающие из настоящего постановления.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      4. Контроль за выполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима района.

      Аким района А. Мангутов

  Утверждено
постановлением акимата
района Тереңкөл
от 30 апреля 2024 года
№ 104/3

Положение о государственном учреждении "Отдел финансов района Тереңкөл"

Глава 1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Отдел финансов района Тереңкөл" (далее – отдел финансов) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сферах исполнения бюджета, ведения бюджетного учета и отчетности по исполнению бюджета района, управления районной коммунальной собственностью, осуществления мониторинга процесса государственных закупок.

      2. Отдел финансов не имеет ведомств.

      3. Отдел финансов осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Отдел финансов является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и штампы со своим наименованием на казахском и русском языках, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      5. Отдел финансов вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Отдел финансов имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      7. Отдел финансов по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя отдела финансов и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности отдела финансов утверждаются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      9. Местонахождение юридического лица: 140600, Республика Казахстан, Павлодарская область, район Тереңкөл, село Теренколь, улица Ңлгина, 172.

      10. Настоящее Положение является учредительным документом отдела финансов.

      11. Учредителем отдела финансов является государство в лице акимата района Тереңкөл.

      12. Финансирование деятельности отдела финансов осуществляется из местного бюджета в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      13. Отделу финансов запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями отдела финансов.

      Если отделу финансов законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то полученные доходы направляются в государственный бюджет, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

      14. Режим работы отдела финансов устанавливается в следующем порядке: с 9.00 до 18.30 часов, обеденный перерыв с 13.00 до 14.30 часов при пятидневной рабочей неделе, выходные дни: суббота-воскресенье.

Глава 2. Цель, предмет деятельности, задачи и полномочия государственного учреждения "Отдел финансов района Тереңкөл"

      15. Целями деятельности отдела финансов являются проведение государственной политики, направленной на исполнение районного бюджета, ведение бюджетного учета и отчетности по исполнению бюджета района, управление районным коммунальным имуществом.

      16. Предметом деятельности отдела финансов является реализация на районном уровне мероприятий по вопросам исполнения районного бюджета, ведение бюджетного учета и отчетности по исполнению бюджета района, управление районной коммунальной собственностью.

      17. Задачи:

      1) координация работы по исполнению бюджета на территории района Тереңкөл;

      2) управление районной коммунальной собственностью района;

      3) осуществление мониторинга исполнения бюджета района, подготовка отчета об его исполнении;

      4) формирование предложений по совершенствованию государственной политики по исполнению бюджета в районе Тереңкөл;

      5) реализация государственной политики в отношении коммунальной собственности района Тереңкөл;

      6) организация и проведение государственных закупок по бюджетным программам и (или) товарам, работам, услугам в соответствии с перечнем, определяемым уполномоченным органом в сфере государственных закупок, а также по инициативе заказчика;

      7) осуществление мониторинга государственных закупок.

      18. Полномочия:

      1) Права:

      вносить на рассмотрение акимата и акима района Тереңкөл предложения по вопросам исполнения бюджета района, создания, реорганизации и ликвидации юридических лиц с участием государства, управления районной коммунальной собственностью, государственных закупок;

      запрашивать и получать в установленном порядке по согласованию с государственными органами, организациями, предприятиями, должностными лицами и гражданами информацию по вопросам, связанными с исполнением задач, поставленных перед отделом финансов;

      привлекать к работе специалистов других исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета, по согласованию с их руководителями;

      представлять интересы отдела финансов в государственных органах, суде;

      заключать договора, соглашения в пределах своей компетенции.

      2) Обязанности:

      соблюдать Конституцию и законодательство Республики Казахстан;

      обеспечивать сохранность государственной собственности, использовать вверенную государственную собственность только в служебных целях;

      качественно и своевременно исполнять акты и поручения Президента, Правительства Республики Казахстан, акимата области, акима области и района.

      19. Функции:

      1) координирует деятельность администраторов бюджетных программ по исполнению бюджета;

      2) осуществляет составление, утверждение и ведение сводного плана финансирования по обязательствам, сводного плана поступлений и финансирования по платежам, местного бюджета и внесение в них дополнений и изменений;

      3) организует исполнение местного бюджета;

      4) осуществляет бюджетный мониторинг, по результатам бюджетного мониторинга формирует аналитический отчет об исполнении бюджета района, а также составление консолидированной финансовой отчетности районного бюджета в порядке, установленным центральным уполномоченным органом по исполнению бюджета;

      5) осуществляет мониторинг освоения бюджетных средств;

      6) составляет отчеты об исполнении планов поступлений и расходов денег от реализации товаров (работ, услуг), о поступлении и расходовании денег от спонсорской и благотворительной помощи по бюджету района;

      7) составляет сводные отчеты о кредиторской и дебиторской задолженностях бюджета района;

      8) готовит заключения к проектам постановлений акимата района о выделении средств из резерва местного исполнительного органа;

      9) погашает и обслуживает долги местного исполнительного органа за счет средств, предусмотренных в местном бюджете, в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;

      10) ведет учет и анализ использования средств из резерва местного исполнительного органа;

      11) осуществление возврата неиспользованных (недоиспользованных) в истекшем финансовом году суммы целевых трансфертов, выделенных из республиканского бюджета, по которым Правительством Республики Казахстан не принято решение о дальнейшем их использовании (доиспользовании) в текущем финансовом году;

      12) осуществление возврата неиспользованных (недоиспользованных) в течении финансового года суммы целевых трансфертов на развитие, выделенных в истекшем финансовом году, разрешенных использовать (доиспользовать) по решению Правительства Республики Казахстан;

      13) обеспечивает представление в установленном порядке в управление финансов Павлодарской области, местные исполнительные и представительные органы отчетов об исполнении районного бюджета;

      14) обеспечивает ведения реестра коммунальных юридических лиц и юридических лиц с участием государства;

      15) разрабатывает акты акимата района по приватизации объектов нежилого фонда районной коммунальной собственности, осуществляет приватизацию районного коммунального имущества, обеспечивает оценку объекта приватизации, осуществляет подготовку и заключение договоров купли-продажи объекта приватизации;

      16) участвует в создании коммунальных государственных предприятий и учреждений, юридических лиц с участием государства, их реорганизации, ликвидации;

      17) осуществляет контроль за своевременностью и полнотой начисления дивидендов на принадлежащие акимату района акции и их выплаты, а также за распределением чистого дохода между участниками товарищества с ограниченной ответственностью, доля участия в уставном капитале которого принадлежит акимату района;

      18) проводит мероприятия по закреплению районного коммунального имущества за районными коммунальными юридическими лицами, утверждает соответствующие акты приема-передачи;

      19) проводит мероприятия по предоставлению районного коммунального имущества в имущественный наем (аренду), безвозмездное пользование по договорам ссуды, передаче в концессию, передаче имущества по договорам подряда, доверительного управления физическим лицам и негосударственным юридическим лицам без права последующего выкупа, с правом последующего выкупа или правом последующей передачи в собственность субъектам малого предпринимательства на безвозмездной основе;

      20) проводит мероприятия по передаче и приему имущества (нежилого фонда) из одного вида государственной собственности в другой, по приему имущества из частной собственности в государственную собственность, по использованию имущества, поступившего в коммунальную собственность по отдельным основаниям, по приему и передаче районного коммунального имущества на уровень городов, районов, утверждает соответствующие акты приема передачи;

      21) организует и проводит государственные закупки по бюджетным программам и (или) товарам, работам, услугам в соответствии с перечнем, определяемым уполномоченным органом в сфере государственных закупок, а также по инициативе заказчика;

      22) осуществляет отчетность по государственным закупкам товаров, работ и услуг администраторов местных бюджетных программ в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      23) взаимодействует с уполномоченным органом по вопросам государственных закупок;

      24) проводит претензионно-исковую работу;

      25) обеспечивает в установленном законодательством порядке рассмотрение обращений физических лиц и представителей юридических лиц, служебной корреспонденции;

      26) проводит работу по организации сохранности и передаче документов в государственный архив, отбору и подготовке дел постоянного хранения и уничтожения.

Глава 3. Статус, полномочия руководителя государственного учреждения "Отдел финансов района Тереңкөл"

      20. Руководство отделом финансов осуществляется руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на отдел финансов задач и осуществление им своих полномочий.

      21. Руководитель отдела финансов назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      22. Полномочия руководителя отдела финансов:

      1) осуществляет руководство деятельностью отдела финансов;

      2) распоряжается имуществом и средствами и несет персональную ответственность за состояние дел отдела финансов;

      3) определяет функциональные обязанности и полномочия работников отдела финансов;

      4) назначает на должности и освобождает от должностей работников отдела финансов;

      5) налагает дисциплинарные взыскания на работников отдела финансов;

      6) осуществляет поощрение работников отдела финансов;

      7) представляет отдел финансов во всех органах и организациях;

      8) созывает в установленном порядке совещания по вопросам, входящим в компетенцию отдела финансов;

      9) в пределах своих полномочий обязан противодействовать коррупции и несет персональную ответственность за нарушение требований антикоррупционного законодательства Республики Казахстан.

      23. Исполнение полномочий руководителя отдела финансов в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

      24. Взаимоотношения между отделом финансов и уполномоченным органом по управлению коммунальным имуществом (местным исполнительным органом района) регулируются действующим законодательством Республики Казахстан.

      25. Взаимоотношения между отделом финансов и уполномоченным органом соответствующей отрасли регулируются действующим законодательством Республики Казахстан.

      26. Взаимоотношения между администрацией отдела финансов и трудовым коллективом определяются в соответствии с законодательством о государственной службе, трудовым законодательством и коллективным договором.

Глава 4. Имущество государственного учреждения "Отдел финансов района Тереңкөл"

      27. Отдел финансов может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество отдела финансов формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности, и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      28. Имущество, закрепленное за отделом финансов относится к коммунальной собственности района.

      29. Отдел финансов не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

Глава 5. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Отдел финансов района Тереңкөл"

      30. Реорганизация и упразднение отдела финансов осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.