Май ауданы Қаратерек ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын қағидаларын бекіту туралы

Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 2024 жылғы 17 қаңтардағы № 6/10 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығына сәйкес, Май аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Май ауданы Қаратерек ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Май ауданы Қаратерек ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындардың жалпы санының 1 (бір) проценті мөлшерінде, бірақ 3 (үш) адамнан аспайтын мөлшерде Қаратерек ауылдық округі өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Май аудандық мәслихатының төрағасы М. Хызыр

  Май аудандық
  мәслихатының 2024 жылғы
  17 қаңтардағы № 6/10
  шешімімен бекітілген

Май ауданы Қаратерек ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Май ауданы Қаратерек ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығына және Май ауданы Қаратерек ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны-ауыл тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы;

      2) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін Май ауданы Қаратерек ауылдық округінің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы.

2 тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлекжиындарын өткізу тәртібі

      3. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу үшін Қаратерек ауылдық округінің аумағы учаскелерге бөлінеді: Қаратерек ауылы және Х.Сейтказин ауылы.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Қаратерек ауылдық округінің әкімі ауылдар шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын шақырады және өткізуді ұйымдастырады.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жергілікті қоғамдастықтың халқын Қаратерек ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары, Instagram, Facebook, Whats’App әлеуметтік желілері арқылы немесе өзге де тәсілдер мен өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді.

      7. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына шудың алдында тиісті ауылдың қатысып отырған тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Кәмелетке толмағандардың, сот әрекетке қабілетсіздеп танығандардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуына жол берілмейді.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Қаратерек ауылдық округінің әкімін емесе олу әкілеттік берген тұлға ашады.

      Қаратерек ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.

      9. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Май аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының қатысушылары ұсынады.

      10. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланды деп есептеледі.

      Бөлек жиынның төрағасы, егер жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

      11. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды және бөлек жиын өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жиын хатшысы тіркеу үшін Қаратерек ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

      Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хаттама жүргізіледі, онда:

      1) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілетін күні мен орны;

      2) тиісті аумақта тұратын және жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;

      3) саны және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетілген қатысушылардың тізімі;

      4) жергілікті қоғамдастық жиыны немесе жергілікті қоғамдастық жиналысы төрағасының және хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);

      5) күн тәртібі, сөз сөйлеу мазмұны және қабылданған шешімдер.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества на территории Каратерекского сельского округа Майского района

Решение Майского районного маслихата Павлодарской области от 17 января 2024 года № 6/10

      В соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 23 июня 2023 года № 122 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества", Майский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить Правила проведения раздельных сходов местного сообщества на территории Каратерекского сельского округа Майского района, согласно приложению.

      2. Утвердить количественный состав представителей жителей от каждого села Каратерекского сельского округа Майского района для участия в сходе местного сообщества в количестве 1 (одного) процента от общего числа жителей села, но не более 3 (трех) человек.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Майского районного маслихата Хызыр М.

  Утверждены
  решением Майского
районного маслихата
от 17 января 2024 года
№ 6/10

Правила проведения раздельных сходов местного сообщества на территории Каратерекского сельского округа Майского района

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения раздельных сходов местного сообщества Каратерекского сельского округа Майского района разработаны в соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 23 июня 2023 года № 122 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" и устанавливают порядок проведения раздельных сходов местного сообщества на территории Каратерекского сельского округа Майского района.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) раздельный сход местного сообщества – непосредственное участие жителей (членов местного сообщества) села в избрании представителей для участия в сходе местного сообщества;

      2) местное сообщество – совокупность жителей (членов местного сообщества), проживающих на территории Каратерекского сельского округа Майского района, в границах которой осуществляется местное самоуправление, формируются и функционируют его органы.

Глава 2. Порядок проведения раздельных сходов местного сообщества

      3. Для проведения раздельного схода местного сообщества территория Каратерекского сельского округа подразделяется на участки села: село Каратерек и село Х.Сейтказина.

      4. На раздельных сходах местного сообщества избираются представители для участия в сходе местного сообщества в количестве не более трех человек.

      5. Акимом сельского округа Каратерекского созывается и организуется проведение раздельного схода местного сообщества в пределах села.

      6. О времени, месте созыва раздельных сходов местного сообщества и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается акимом Каратерекского сельского округа не позднее, чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации, социальные сети Instagram, Facebook, Whats’App.

      7. Перед открытием раздельного схода местного сообщества проводится регистрация присутствующих жителей соответствующего села. Не допускается участие в раздельном сходе местного сообщества несовершеннолетних лиц, лиц, признанных судом недееспособными, а также лиц, содержащихся в местах лишения свободы по приговору суда.

      Раздельный сход местного сообщества считается состоявшимся при участии не менее десяти процентов жителей (членов местного сообщества), проживающих в данном селе.

      8. Раздельный сход местного сообщества открывается акимом Каратерекского сельского округа Майского района или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода местного сообщества является аким Каратерекского сельского округа или уполномоченное им лицо.

      На раздельном сходе местного сообщества ведется протокол, для оформления протокола раздельного схода местного сообщества открытым голосованием избирается секретарь.

      9. Кандидатуры представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода местного сообщества в соответствии с количественным составом, утвержденным маслихатом Майского района.

      10. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшее количество голосов участников раздельного схода местного сообщества.

      Председатель раздельного схода пользуется правом решающего голоса в случае, если при голосовании на раздельном сходе местного сообщества голоса участников разделяются поровну.

      11. Протокол раздельного схода местного сообщества подписывается председателем и секретарем и в течение двух рабочих дней со дня проведения раздельного схода передается секретарем схода в аппарат акима Каратерекского сельского округа для регистрации.

      На сходе местного сообщества или собрании местного сообщества ведется протокол, в котором указываются:

      1) дата и место проведения схода местного сообщества или собрания местного сообщества;

      2) общее число членов местного сообщества, проживающих на соответствующей территории и имеющих право участвовать в сходе местного сообщества или на собрании местного сообщества;

      3) количество и список присутствующих с указанием фамилии, имени, отчества (при его наличии);

      4) фамилия, имя, отчество (при его наличии) председателя и секретаря схода местного сообщества или собрания местного сообщества;

      5) повестка дня, содержание выступлений и принятые решения.