Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабы 3-тармағының, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Павлодар ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының 2024 жылғы 04 мамырдағы кезектен тыс отырысының № 3 хаттамасы негізінде, Павлодар ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар облысы Павлодар ауданы әкімінің 2023 жылғы 21 қарашадағы "Павлодар облысы Павлодар ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" № 4-ш (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 188791 болып тіркелген) шешімінің күші жойылған деп танылсын.
2. Павлодар облысы Павлодар ауданы әкімінің 2024 жылғы 27 ақпандағы "Ауданы әкімінің 2023 жылғы 21 қарашадағы "Павлодар облысы Павлодар ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" № 4-ш шешіміне толықтыру енгізу туралы" №1-ш шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 193706 болып тіркелген) шешімінің күші жойылған деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Н. Дычко |