Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар ауданы әкімінің 10.05.2024 № 4-ш (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 175 бұйрығымен бекітілген 2 бөлігінің 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Павлодар ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының 2023 жылғы 19.11. кезектен тыс жедел отырысының хаттамасына сәйкес, ШЕШТІМ:
1. Павлодар облысы Павлодар ауданының аумағында қатты желге, сондай-ақ су басу қаупін жою іс-шараларын жүргізуге байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Павлодар ауданы әкімінің 27.02.2024 № 1-ш (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия ақаулы актілер жасай отырып, екпінді жел салдарынан зардап шеккен объектілерге тексеру жүргізсін.
3. Коммуналдық меншіктің баланс ұстаушылары қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу бойынша сметалық құжаттаманы әзірлесін және бюджеттік өтінімді Павлодар ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне жолдасын.
4. Павлодар ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі қалпына келтіру жұмыстарына қаражат іздесін.
5. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға және осы шешімнің орындалуына бағытталған іс-шаралардың жүргізілуін бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Павлодар ауданының әкімі | Н. Дычко |