"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Успен ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының 2024 жылғы 13 маусымдағы №4 жоспарлы жедел отырысының хаттамасына сәйкес, Успен ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Успен ауданы әкімінің "Успен ауданының аумағында табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялау туралы" 2023 жылғы 21 қарашадағы № 1 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Успен ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Павлодар облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберу;
2) осы шешім Успен ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н. Мақашев |