Шарбақты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шарбақты ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 25 сәуірдегі "Шарбақты ауданының жергілікті атқарушы органдарының Ережелерін бекіту туралы" № 79/1 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
осы қаулының қосымшасына сәйкес 7-қосымша жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шарбақты ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С. Иманкулов |
Шарбақты ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 269/1 қаулысына 7-қосымша |
|
Шарбақты ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 25 сәуірдегі № 79/1 қаулысына 7-қосымша |
"Шарбақты ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Шарбақты ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) Шарбақты ауданының аумағындахалықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Бөлімнің құрылтайшысы "Шарбақты ауданы әкімдігінің аппараты" мемлекеттік мекемесі болып табылады.
3. Бөлімнің құрылымдық бөлімшелері болуы және басқару органы ретінде әрекет етуі мүмкін.
Ведомствосы бар:
1) Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
4. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне,Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентімен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
5. Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, рәміздері мен айырым белгілері (олар болған жағдайда), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
6. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
7. Бөлім, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
8. Бөлім өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
9. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
10. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, индексі 141100, Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, Владимир Чайко көшесі, 39А.
11. Бөлімнің толық атауы – "Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
12. Бөлімнің жұмыс уақыты келесі тәртіппен белгіленеді: бес күндік жұмыс аптасында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін демалыс және тамақтану үзілісі сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері - сенбі, жексенбі.
13. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
14. Бөлімнің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (шығыстар сметасы) жүзеге асырылады.
15. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
16. Міндеттері мен өкілеттіктері:
1) халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;
2) халықты әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамтумен жәрдемдесуді қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды өткізу;
3) азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету;
4) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау;
5) мемлекеттік және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
6) қызметтерді көрсету кезінде ведомствоаралық өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
7) ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін үйлестіру.
3. Өкілеттіктер:
Құқықтары:
8) өз құзыреті шегінде халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы мәселелерді жедел шешу бойынша ұсыныстар енгізуге;
9) қызмет саласының негізгі бағыттары бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысуға;
10) өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен мекеме үшін жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау үшін мемлекеттік органдардан және басқа ұйымдардан ақпарат пен құжаттарды сұратуға және алуға;
11) қызметмәселелері бойынша семинарлар, консультациялар, конференцияларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
Міндеттері:
13) мекеме әзірлеуші болып табылатын нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторингті жүргізу және оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу немесе оларды жарамсыз деп тану жөніндегі уақтылы шаралар қабылдау;
14) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектілері, оның ішінде тиісті саладағы уәкілетті органдардың құзыреттеріне ұқсас шешімдер қабылдау, акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқықтарын жүзеге асыру;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
17.Функциялары:
16) аудандағы жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау және жоғары тұрған органдарды хабардар ету;
17) ауданның, облыстың жергілікті атқарушы органдарына халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің шаралары туралы ұсыныстар енгізу;
18) өңірлік жұмыспен қамту картасын іске асыру;
19) ұлттық жобалар, өңірлік даму жоспарлары, өңірлік жұмыспен қамту карталары шеңберінде жұмыс орындарын құру мониторингін жүзеге асыру;
20) кәсіпкерлік бастаманы дамыту арқылы ауданда жұмыс орындарын құруға қолдау көрсету;
21) ауданның, облыстың жергiлiктi атқарушы органдарына жұмыс күшiнiң ұтқырлығын арттыру мақсатында өз еркімен қоныс аудару үшін елдi мекендердi анықтау жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
22) жұмыс орындарын босату және қысқарту тәуекелдері бар ұйымдарға мониторинг жүргізу;
23) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету мақсатында еңбек ұтқырлығы орталықтарымен және мансап орталықтарымен өз ара іс-қимыл жасау;
24) мемлекеттік қолдаушаралары мен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін, олардың қарамағындағы субъектілерді құру және олардың қызметі;
25) мемлекеттік қолдау шараларын және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсынуы;
26) кадрлармен қамтамасыз етуді, әлеуметтік сала қызметкерлерін кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттырудыұйымдастыру;
27) мемлекеттік қолдау шаралар мен арнаулы әлеуметтік қызметтерде халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтер қажеттіліктеріне талдау жүргізу;
28) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
29)мемлекеттік және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту жөнінде шаралар қабылдау;
30) әлеуметтік-еңбек саласындағы және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы стандарттарға сәйкес мемлекеттік және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
31) әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi жұмыс және халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына қайырымдылық көмек көрсетудi үйлестiру;
32) табысы аз отбасыларға (азаматтарға) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
33) Ұлы Отан соғысы жылдарында кемінде алты ай жұмыс істеген адамдардың еңбек өтілін белгілеу жөніндегі арнайы комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
34) басқа мемлекеттердің аумағындағы еңбек ардагерлері мен соғыс ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерді әлеуметтік қолдау шараларын қамтамасыз ету бойынша жұмыс;
35) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды есепке алу және тіркеу бойынша арнайы комиссия жұмысын ұйымдастыру және оларға куәліктер беру;
36) азаматтардың әлеуметтік осал санаттарын анықтау және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралар туралы ұсыныстарды аудан әкімдігінің қарауына енгізу және әзірлеу;
37) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пробацтя қызметінің есебінде тұрған, сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету саласындағы жұмысты ұйымдастыру;
38) қорғаншылық немесе қамқоршылық әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған тұлғалар бойынша функцияларды жүзеге асыру;
39) мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету;
40) мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жеке көмекші, ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз ету;
41) мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаториялық-курорттық емдеумен қамтамасыз ету;
42) мүгедектігі бар адамдар мен азаматтардың басқа санаттарына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік көмектің қосымша шараларын ұсыну;
43) мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыны) жан-жақты қолдаумен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіру;
44) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкімі мен әкімдігінің құқықтық және нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу;
45) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен аудандардың жергілікті атқарушы органдарына жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;
46) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі мен өкілеттігі
18. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19. Бөлім басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
20. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын сектор меңгерушісі болады.
21. Бөлім басшысының өкiлеттiгi:
1) Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылық жасайды;
2) құрылымдық және ведомстволық бағынысты мекемелердің жұмысын үйлестіреді;
3) құрылымдық және ведомстволық бағынысты мекемелердің бірінші басшыларын, Бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) құрылымдық және ведомстволық бағынысты мекемелер басшыларының, сондай-ақ Бөлім қызметкерлерінің құқықтарын айқындайды және міндеттерін бөледі, тиісті атқарушылық және еңбек тәртібін қамтамасыз етеді;
5) құрылымдық және ведомстволық бағынысты мекемелердің басшыларына, Бөлім қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қабылдайды және тәртіптік жазалар қолданады;
6) ведомстволық бағынысты мекеменің құрылымы мен штаттық кестесін, қаржыландыру жоспарын, жылдық қаржылық есептілігін бекітеді.
7) Бөлімнің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларының, жауапты қызметкерлерінің қатысуымен кеңестер өткізеді;
8) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша барлық қызметкерлер орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
9) өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттамаға қол қояды;
10) Бөлімнің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
11) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Бөлімнің мүддесін ұсынады;
12) шарттар жасасады және сенімхаттар береді;
13) Бөлімнің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді оқу орталықтарында оқытуды және қызметкерлердің біліктілігін жоғарлатудың өзге де түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
14) банк шоттарын ашады;
15) Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды;
16) Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі міндеттерді орындауға дербес жауапкершілікте болады;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
22. Бөлім заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.
23.Бөлімнің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. Бөлімге бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
25. Бөлім егер заңнамада басқасы көзделмесе,өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік органдықайта ұйымдастыру және тарату
26. Бөлімді және оның ведомстволарын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
27. Бөлім таратылған кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншікте қалады.