Ескерту. 01.05.2024 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 2 тармағымен.
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Алматы қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер бекітілсін.
2. Осы шешім 2024 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласы мәслихатының төрағасы | М. Отыншиев |
Алматы қаласы мәслихатының 2024 жылғы 15 сәуірдегі № 111 шешіміне қосымша |
Алматы қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды
жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
№ | Атауы |
Бағасы, |
1 | Айына абаттандырылған және абаттандырылмаған секторлардың 1 тұрғынына халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тариф | 718,5 |
2 | 1 текше метр тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тариф | 3 303,9 |