Алматы қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XVI сессиясының 2024 жылғы 15 сәуірдегі № 111 шешiмi

      Ескерту. 01.05.2024 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 2 тармағымен.

      Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Алматы қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер бекітілсін.

      2. Осы шешім 2024 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласы мәслихатының төрағасы М. Отыншиев

  Алматы қаласы мәслихатының
2024 жылғы 15 сәуірдегі
№ 111 шешіміне
қосымша

Алматы қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды
жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

Атауы

Бағасы,
теңгемен

1

Айына абаттандырылған және абаттандырылмаған секторлардың 1 тұрғынына халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тариф

718,5

2

1 текше метр тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тариф

3 303,9


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады