"Алматы қаласының әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (облысiшiлік қалааралық) және қала маңындағы қатынастарда жолаушылар тасымалы бойынша көрсетілетін қызметтерге бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейлерін белгілеу туралы" Алматы қаласының әкімдігінің қаулысы

Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 22 шілдедегі № 3/411 қаулысы

Алматы қаласының әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (облысiшiлік қалааралық) және қала маңындағы қатынастарда жолаушылар тасымалы бойынша көрсетілетін қызметтерге бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейлерін белгілеу туралы

      Қазақстан Республикасының "Теміржол көлігі туралы" Заңының 12 бабы 2 тармағына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (облысiшiлік қалааралық) және қала маңындағы қатынастарда жолаушылар тасымалы бойынша көрсетілетін қызметтерге бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейлері 120 теңге мөлшерінде белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Е. Досаев

Об установлении предельных уровней цен (тарифов) на услуги по перевозке пассажиров по социально значимым межрайонным (междугородным внутриобластным) и пригородным сообщениям города Алматы

Постановление акимата города Алматы от 22 июля 2024 года № 3/411

      В соответствии с пунктом 2 статьи 12 Закона Республики Казахстан "О железнодорожном транспорте" акимат города Алматы ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить предельные уровни цен (тарифов) на услуги по перевозке пассажиров по социально значимым межрайонным (междугородным внутриобластным) и пригородным сообщениям города Алматы в размере 120 тенге.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима города Алматы.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Алматы Е. Досаев