Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19 бабының 4 тармағына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласының жолаушыларын әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифі ұялы байланыс операторының немесе көлік картасының немесе мобильді қосымшаның қызметтері арқылы 120 теңге көлемінде бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | Е. Досаев |