"Жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы" Алматы қаласының әкімдігінің қаулысы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 22 шілдедегі № 3/413 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19 бабының 4 тармағына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы қаласының жолаушыларын әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифі ұялы байланыс операторының немесе көлік картасының немесе мобильді қосымшаның қызметтері арқылы 120 теңге көлемінде бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Е. Досаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады