"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-баптың 70) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Туғаннан үш жасқа дейінгі жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, туғаннан төрт жасқа дейінгі психикалық және физикалық дамуы бұзылған балаларға арналған денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Осы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Интернет-ресурсында орналастыруды;
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | А. Әлназарова |
№ 85 от 15.02.2024 | |
Бұйрығына қосымша |
Туғаннан үш жасқа дейінгі жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, туғаннан төрт жасқа дейінгі психикалық және физикалық дамуы бұзылған балаларға арналған денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 70) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және туғаннан үш жасқа дейінгі жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, туғаннан төрт жасқа дейінгі психикалық және физикалық дамуы бұзылған балаларға арналған, баладан бас тарту қаупі бар отбасыларды психологиялық-педагогикалық қолдап отыруды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының (бұдан әрі – Ұйым) қызметін реттейді.
2. Ұйым туғаннан үш жасқа дейінгі жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, туғаннан төрт жасқа дейінгі психикалық және физикалық дамуы бұзылған балаларға және арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларға (бұдан әрі – балалар) әлеуметтік қолдауды, әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық-әлеуметтік, әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық-педагогикалық, құқықтық қызметтер мен материалдық көмек көрсетуді жүзеге асырады.
3. Ұйымға басшылықты директор (бас дәрігер) жүзеге асырады.
4. Ұйымдардың қызметін қаржыландыру облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті бюджетінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де қаржыландыру көздерінен жүзеге асырылады.
5. Ұйымдарда "Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен жарақтауға стандарттарды және оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 23 қаңтардағы № 49 және Қазақстан Республикасы Білім беру және ғылым министрінің 2019 жылғы 23 қаңтардағы № 32 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18239 болып тіркелген) сәйкес тәулік бойы жүргізіледі.
6. Ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөнінде шаралар қабылдайды.
2-тарау. Туғаннан үш жасқа дейінгі жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, туғаннан төрт жасқа дейінгі психикалық және физикалық дамуы бұзылған балаларға арналған денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің құрылымы, міндеттері мен функциялары
7. Ұйымдардың құрылымында мынадай бөлімшелер (топтар) көзделген:
1) балалар саны 6-8-ден аспайтын тәулік бойы болу бөлімшесі (тобы);
2) түзетуге келмейтін өрескел туа біткен ақаулары бар балаларға арналған балалар саны 8-ден аспайтын тәулік бойы болу бөлімшесі (тобы);
3) "Денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 13 қазандағы № 153 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33545 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 153 бұйрық) туғаннан бастап үш жасқа дейінгі (қоса алғанда) балалар саны 6-8-ден аспайтын арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларға арналған тәулік бойы болу бөлімшесі (тобы);
4) № 153 бұйрыққа сәйкес туғаннан бастап үш жасқа дейінгі (қоса алғанда) балалар саны 10-нан аспайтын арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж орталық нерв жүйесі, пароксизмалы жай-күйсіз тірек-қимыл аппараты, Даун синдромы немесе ауруы бар мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған күндізгі болу бөлімшесі (тобы);
5) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 116-бабына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жүрген, сотталған әйелдердің үш жасқа дейінгі балаларының күндізгі болу бөлімшесі;
6) балалар саны (қоса алғанда) 10-нан аспайтын Қазақстан Республикасы Әлеуметтік Кодексінің 1-бабы 1-тармағының 124-1) және 124-2) тармақшаларына сәйкес өмірдегі қиын жағдайдағы отбасылардың туғаннан бастап үш жасқа дейінгі балаларға арналған күндізгі болу бөлімшесі (тобы).
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22.07.2024 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Ұйымның негізгі міндеті балаларға тәрбие, күтім және медициналық көмек көрсету болып табылады.
9. Ұйымдардың негізгі функцияларына мыналар жатады:
1) отбасына тәрбиелеуге (асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа, асырап алушы отбасына) беру арқылы баланы орналастыруға жәрдемдесуді қамтамасыз ету;
2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде балаларға медициналық көмекті қамтамасыз ету: ағымдағы медициналық байқауды қамтамасыз ету, балалар бекітілген медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымымен бірлесіп, "Скринингті ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 9 қыркүйектегі № 704 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6490 болып тіркелген) және "Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидаларын, көлемі мен мерзімділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-264/2020 бұйрықтарына сәйкес балалардың скринингтік және профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өтуін қамтамасыз ету;
2) баладан бас тарту қаупі бар отбасыларға кешенді қызметтер көрсету, оларды бала күтімі бойынша оқыту;
3) ерте жастағы балалардың нерв-психикалық даму ерекшеліктеріне сәйкес балалармен педагогикалық жұмысты ұйымдастыру.