БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауына немесе медициналық бұйымның техникалық сипаттамасына шекті бағаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 4 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-96 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24253 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауына шекті бағаларда:
реттік нөмірі 87-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
87 | J01CA01 | Ампициллин | инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 1000 мг | ампула | 61,39 |
";
реттік нөмірі 335-жол мынадай редакцияда жазылсын::
"
88 | J01CA01 | Ампициллин |
инъекция үшін ерітінді | ампула | 53,03 |
";
реттік нөмірі 335-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
335 | N05BA01 | Диазепам | бұлшықет ішіне және вена ішіне қолдануға арналған ерітінді 5 мг/мл 2 мл | ампула | 221,84 |
";
реттік нөмірі 950-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
950 | A11HA02 | Пиридоксин гидрохлориді | инъекцияға арналған ерітінді 5% 1 мл | ампула | 31,62 |
";
реттік нөмірі 1292-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
1292 | J01DB04 | Цефазолин | инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 1 г | құты | 130,01 |
";
реттік нөмірі 1314-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
1314 | B03BA01 | Цианокобаламин | инъекцияға арналған ерітінді 500 мкг/мл 1 мл | ампула | 33,17 |
";
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
2) осы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның орыс қазақ және тілдерінде электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
А. Әлназарова |