БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-77 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23886 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың саудалық атауына шекті бағаларда:
реттік нөмірі 1710-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
1710 | Морфинсульфаты VIC | Морфин | Таблеткалар, 10 мг, №50 | N02AA01 | ҚР-ДЗ-5№023133 | таблетка | 115,25 |
"; |
реттік нөмірі 1869-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
1869 | Окситоцин | Окситоцин | Вена ішіне және бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітінді, 5 ХБ/мл, 1 мл, №10 | H01BB02 | ҚР-ДЗ-5№ 022533 | ампула | 188,17 |
"; |
реттік нөмірі 2198-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
2198 | Реланиум | Диазепам | Бұлшықет ішіне және вена ішіне инъекцияға арналған ерітінді, 5 мг/мл, 2 мл, №5 | N05BA01 | ҚР-ДЗ-5№014355 | ампула | 221,84 |
"; |
реттік нөмірі 2536-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
2536 | Тахокомб® | Деректер жоқ | Гемостатикалық сіңіргіш зат, №2 | B02BC30 | ҚР-ДЗ-5№010582 | кеуек | 74 046,39 |
". |
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты қабылдаған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы |
Е. Нұрлыбаев |