"Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 27 маусымдағы № 149 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 24 қазандағы № 357 қаулысы

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 27 маусымдағы № 149 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) жоғарыда көрсетілген Ережені заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;

      3) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғ. Нұрмұхамбетов

  Солтүстік Казахстан
  облысы әкімдігінің
  2024 жылғы "24" қазандағы
  № 357 қаулысына
  косымша
  Солтүстік Қазақстан
  облысы әкiмдiгiнiң
  2022 жылғы "27" маусымдағы
  № 149 қаулысымен
  бекітілді

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже

      Петропавл қаласы, 2024ж.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі облыс әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомствоға бағынасты ұйымдары бар:

      "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      3. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітіледі.

      9. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 150011, Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы Қазақстан Конституциясы көшесі, 58.

      10. Осы Ереже "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      12. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілерде кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

      "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнде жұмыс режимi ішкі күн тәртібіне сәйкес айқындалады.

2-тарау. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мақсаттары мен өкілеттігі

      13. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мақсаттары:

      1) облыс әкімдігі мен әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;

      2) облыс әкімдігі мен әкімінің қызметін ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету;

      3) облыс әкімдігі мен әкімінің қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету.

      14. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өкілеттігі:

      1) құқықтары:

      мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарауына жатқызылған мәселелер бойынша қызметтік хат алмасу жүргізуге;

      облыс әкімінің және әкімдігінің мүдделерін білдіруге;

      өзінің құзыретіндегі мәселелер бойынша облыс аумағында орналасқан ұйымдар басшыларына қажетті тапсырмалар беруге (келісім бойынша);

      облыстың атқарушы органдарынан, аудандар (қала) әкімдерінен қажетті құжаттар, ақпараттар, олардың қызметі жөнінде түсіндірулер сұратуға және алуға, облыстың атқарушы органдарының, аудандар (қала) әкімі аппараттарының қызметкерлерін облыс әкімдігі және әкімі құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешуге қатысуға тартуға.

      2) міндеттер:

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

      Президенттің, Үкіметтің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау.

      15. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары:

      1) облыс әкіміне, оның орынбасарларына, аппарат басшысына облыс өңірлеріндегі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық ахуалды жүйелі талдау негізінде ақпараттық-анықтамалық материалдар дайындау;

      2) жергілікті атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларды, іс-шараларды, нысаналы кешенді бағдарламларды әзірлеу, өңірлік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын айқындау, жергілікті мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі қызметіне жәрдем көрсету;

      3) орталық мемлекеттік органдарға өңірдің әлеуметтік-экономикалық стратегиясы, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясаты мәселелері жөнінде ұсыныс әзірлеу;

      4) облыс әкімдігінің, консультативтік-кеңесші органдардың, штабтардың, комиссиялардың отырыстары, кеңестер, жиналыстар, кездесулер және әкімнің қатысуымен болатын өзге де іс-шаралар регламентіне сәйкес өтетін облыс әкімінің қызметін ұйымдастыру-құжаттамалық қамтамасыз ету;

      5) әкімнің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ету;

      6) облыстың атқарушы органдарының жұмысын үйлестіру, зерделеу және талдау, әкімге олардың қызметін жақсарту жөнінде ұсыныс енгізу;

      7) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Премьер-министрдің Кеңсесімен, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты және Мәжілісінің депутаттарымен, орталық мемлекеттік органдар аппараттарымен өзара іс-қимылды, жергілікті атқарушы және өкілді органдармен байланысты жүзеге асыру;

      8) Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Үкіметі қаулыларының және әкімдік қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылау жұмысын ұйымдастыру;

      9) облыс әкімдігінің қаулылары, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдері жобаларының заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру, норма шығаруды жетілдіру, облыс әкімі, облыс әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысының басқарушылық қызметін заңдық қамтамасыз ету;

      10) облыс әкімдігі мен әкімінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу;

      11) заңнамаға қайшы және ескірген құқық нормаларын анықтау, оларды іске асырудың тиімділігін бағалау, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылды деп тану жөніндегі шараларды уақытында қабылдау үшін облыс әкімдігінің қабылданған қаулыларына, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдеріне тұрақты мониторингті жүзеге асыру;

      12) облыс әкімінің облыстық мәслихатпен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

      13) облыс әкімдігі мен әкімі актілерінің орындалуын бақылау;

      14) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, оны іске асыру үшін қабылданған Президент жарлықтарының және Үкімет қаулыларының, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес кадрлық жұмысты жүргізу;

      15) саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді бос қызмет орындарына тағайындауды және орналастыруды келісуге ұсыну мәселелері жөнінде ұсыныс дайындау;

      16) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары, облыс әкімінің құрмет грамоталары және алғысхаттарымен марапаттауға ұсыну үшін тиісті құжаттарды дайындау, марапаттау құжаттарын ресімдеу, марапатталғандар туралы дерек банкін қалыптастыру;

      17) бірыңғай тәртіптік және конкурстық комиссиялардың қызметін қамтамасыз ету;

      18) мемлекеттік, құқық қорғау органдарымен және қоғамдық ұйымдармен құқықтық тәртіпті қолдау, құқық бұзушылық пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

      19) облыс әкімдігі мен әкімінің қызметін қаржы-шаруашылық және көліктік қамтамасыз ету;

      20) қызмет кабинеттерін, отырыс залдарын нормативтік талаптарға сәйкес техникалық жабдықтау;

      21) мемлекеттік және қызметтік құпияларды, құпия іс жүргізуді сақтауға жағдай жасау;

      22) ресми делегациялардың келу сапарлары мен оларды қабылдауларды, мерекелік іс-шаралар мен кездесулерді дайындау;

      23) қызметтік құжаттарды және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алуды және қарауды қамтамасыз ету, оларды жеке қабылдауды ұйымдастыру, олардың өтініштері бойынша талдау жүргізу;

      24) облыс әкімдігі мен әкімі шығарған актілерді тіркеу және есепке алу;

      25) облыс әкімінің облыс әкімдігі отырыстары барысында, облыс аудандары мен Петропавл қаласы халқымен есеп беру кездесулері, селекторлық және жұмыс отырыстары, жұмыс сапарлары барысында берген тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

      26) құжатпен жұмыс істеу нысандары мен әдістерін жетілдіру;

      27) іс жүргізудің бірыңғай тәртібін қамтамасыз ету, құжатпен жұмысты ұйымдастыру, оларды орындауды бақылау және ведомстволық архивке тапсыруға дайындау;

      28) электронды құжат айналымы жүйесінің жұмыс істеуі және құжат айналымының көлемін қысқарту;

      29) бюджет саясаты және бюджетаралық қатынас, экономикалық, қаржы және салық саясаты мәселелері жөнінде ұсыныс даярлау;

      30) Мемлекеттік жоспарлау жүйесін және облыстың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайын бағалауды іске асыру;

      31) комиссиялар мен жұмыс топтарының қызметін қамтамасыз ету;

      32) облыс әкімдігі мен әкімінің, облыс әкімі орынбасарларының және аппараттың қызметінде заңдылықты сақтауды қамтамасыз ету;

      33) облыс әкімдігі мен әкімінің, аппараттың мүліктік және өзге де заңды құқықтары мен мүдделерін құқықтық тәсілдермен қорғау;

      34) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын насихаттау және түсіндіру;

      35) норма шығаруды жетілдіру жұмысын ұйымдастыру;

      36) бекітілген нормалар, нормативтер мен сметалар, міндеттемелер мен төлемдер жөніндегі бюджеттік бағдарламаларды қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес мүліктер мен міндеттемелердің болуын және қозғалысын есептеуді, материалдық және қаржылық ресурстарды пайдалануды қамтамасыз ету, шаруашылық қызметтің теріс нәтижелерінің алдын алу;

      37) мемлекеттік қызмет үшін кадрлық әлеуетті қалыптастыру;

      38) қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      39) терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы іс-шараларды жүргізу;

      40) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыру;

      41) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімін орындау.

3-тарау. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі

      16. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылық етуді "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      17. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

      19. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі мен міндеттері:

      1) облыс әкімі аппаратының қызметін ұйымдастырады және басқарады, сондай-ақ аппаратқа жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына дербес жауап береді;

      2) аппаратта мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын бақылайды;

      3) ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді;

      4) аппарат қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауына дербес жауап береді;

      5) аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады және бағыт береді, олардың өзара іс-қимылын үйлестіреді;

      6) аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын және аппарат қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, аппарат кадрларының резервін қалыптастырады және облыс әкімі аппаратының аттестациялық комиссиясын құрады және басқарады;

      7) облыс әкімдігіне бекіту үшін Аппарат туралы ережені, құрылымды және штат санының лимитін ұсынады, еңбекке ақы төлеу қорын үнемдеу есебінен үстемеақылар, мемлекеттік қызметшілерді материалдық көтермелеуді (сыйлықақы) белгілейді;

      8) аппараттың құзыреті шегінде қызметтік құжаттамаларға қол қояды;

      9) облыс әкімінің аппаратындағы ішкі еңбек тәртібін белгілейді;

      10) облыс әкіміне бекіту үшін штат кестесін ұсынады;

      11) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және басқа да құжаттарды келіседі және облыс әкімдігі мен әкіміне қарауға ұсынады;

      12) облыс әкімінің тиісті орынбасарларымен келісілгеннен кейін аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің жұмыс жоспарларын бекітеді;

      13) қолданыстағы заңнамаға сәйкес аппарат қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;

      14) аппараттың шығыстар сметасын бекітеді, бюджетте қарастырылған ақшалай қаражатқа билік етеді;

      15) аппараттың құрылымдық бөлімшелері туралы ережені, Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарының жинағын бекітеді;

      16) облыс әкіміне перспективалы жоспарлау және аппараттың ағымдағы жұмысын ұйымдастыру жөнінде ұсыныс енгізеді;

      17) жеке құрам бойынша бұйрық шығарады, аппарат қызметкерлерін іссапарларға жібереді;

      18) мемлекеттік қызметшілерді Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;

      19) аппаратты мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда сенімхатсыз ұсынады.

      "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін атқаруды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындайды.

4-тарау. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      21. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      22. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше көзделмесе, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру (қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, қайта құру) және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

О внесении изменения в постановление акимата Северо-Казахстанской области от 27 июня 2022 года № 149 "Об утверждении Положения о коммунальном государственном учреждении "Аппарат акима Северо-Казахстанской области"

Постановление акимата Северо-Казахстанской области от 24 октября 2024 года № 357

      Акимат Северо-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Северо-Казахстанской области от 27 июня 2022 года № 149 "Об утверждении Положения о коммунальном государственном учреждении "Аппарат акима Северо-Казахстанской области" следующее изменение:

      положение о коммунальном государственном учреждении "Аппарат акима Северо-Казахстанской области", утвержденное указанным постановлением, изложить в новой редакции, согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Коммунальному государственному учреждению "Аппарат акима Северо-Казахстанской области" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию вышеуказанного Положения в органах юстиции в установленном законодательством порядке;

      2) в течение пяти рабочих дней со дня подписания настоящего постановления направление его копии в электронном виде на казахском и русском языках в филиал республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан по Северо-Казахстанской области для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Северо-Казахстанской области после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя Аппарата акима Северо-Казахстанской области.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким Северо-Казахстанской области Г. Нурмухамбетов

  Приложение
  к постановлению акимата
  Северо-Казахстанской области
  от "24" от октября 2024 года
  № 357
  Утвержден
  постановлением акимата
  Северо-Казахстанской области
  от "27" июня 2024 года № 149

Положение о коммунальном государственном учреждении "Аппарат акима Северо-Казахстанской области"

      г. Петропавловск, 2024 г.

Глава 1. Общие положения

      1. Коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима Северо-Казахстанской области" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере информационно-аналитического организационно-правового и материально-технического обеспечения деятельности акима области.

      2. Коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима Северо-Казахстанской области" имеет подведомственную организацию:

      коммунальное государственное учреждение "Хозяйственное управление" коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Северо-Казахстанской области".

      3. Коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима Северо-Казахстанской области" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима Северо-Казахстанской области" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и штампы со своим наименованием на казахском и русском языках, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.

      5. Коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима Северо-Казахстанской области" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима Северо-Казахстанской области" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с гражданским законодательством Республики Казахстан и Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан".

      7. Коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима Северо-Казахстанской области" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Северо-Казахстанской области".

      8. Структура и лимит штатной численности коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Северо-Казахстанской области" утверждаются в соответствии с действующим трудовым законодательством Республики Казахстан и Законом Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан".

      9. Местонахождение коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Северо-Казахстанской области": 150011, Северо-Казахстанская область, город Петропавловск, улица Конституции Казахстана, 58.

      10. Настоящее Положение является учредительным документом коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Северо-Казахстанской области".

      11. Финансирование деятельности коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Северо-Казахстанской области" осуществляется из средств местного бюджета.

      12. Коммунальному государственному учреждению "Аппарат акима Северо-Казахстанской области" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Северо-Казахстанской области".

      Если коммунальному государственному учреждению "Аппарат акима Северо-Казахстанской области" законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

      Режим работы в коммунальном в коммунальном государственном учреждении "Аппарат акима Северо-Казахстанской области" определяется с внутренним распорядком.

Глава 2. Задачи и полномочия коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Северо-Казахстанской области"

      13. Задачи коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Северо-Казахстанской области":

      1) информационно-аналитическое обеспечение деятельности акимата и акима области;

      2) организационно-правовое обеспечение деятельности акимата и акима области;

      3) материально-техническое обеспечение деятельности акимата и акима области.

      14. Полномочия коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Северо-Казахстанской области":

      1) права:

      вести служебную переписку с государственными и негосударственными органами и организациями по вопросам, отнесенным к ведению коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Северо-Казахстанской области";

      представление интересов акима и акимата области;

      дача необходимых поручений руководителям организаций, расположенных на территории области, по вопросам своей компетенции (по согласованию);

      запрашивать и получать от исполнительных органов области, акимов районов (города) необходимые документы, информацию, объяснения по их деятельности, давать поручения, отнесенные к компетенции аппарата, привлекать работников исполнительных органов области, аппаратов акимов районов (города) к участию в решении вопросов, отнесенных к компетенции акимата и акима области.

      2) обязанности:

      соблюдение норм действующего законодательства Республики Казахстан;

      качественное и своевременное исполнение актов и поручений Президента, Правительства и иных центральных исполнительных органов, а также акима и акимата области.

      15. Функции коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Северо-Казахстанской области":

      1) подготовка информационно-справочных материалов акиму области, его заместителям, руководителю аппарата на основе систематического анализа общественно-политической и социально-экономической ситуации в регионах области;

      2) содействие деятельности местных исполнительных органов по разработке стратегических планов, мероприятий, целевых комплексных программ, определению основных направлений региональной социально-экономической политики, совершенствованию системы местного государственного управления;

      3) разработка предложений в центральные государственные органы по вопросам стратегии социально-экономического развития региона, общегосударственной политики исполнительной власти;

      4) организационно-документационное обеспечение деятельности акима области, проводимой в соответствии с регламентом заседаний акимата области, консультативно-совещательных органов, штабов, комиссий, совещаний, собраний, встреч и других мероприятий, проходящих с его участием;

      5) обеспечение освещения деятельности акима в средствах массовой информации;

      6) координация, изучение и анализ работы исполнительных органов области, внесение акиму предложений по улучшению их деятельности;

      7) осуществление взаимодействия с Администрацией Президента Республики Казахстан, Канцелярией Премьер-Министра, депутатами Сената и Мажилиса Парламента Республики Казахстан, аппаратами центральных государственных органов, связи с местными исполнительными и представительными органами;

      8) организация работы по контролю за исполнением Законов Республики Казахстан, Указов Президента и постановлений Правительства Республики Казахстан, постановлений акимата, решений и распоряжений акима области;

      9) проверка соответствия требованиям законодательства проектов постановлений акимата области, решений и распоряжений акима области, совершенствование нормотворчества, юридическое обеспечение управленческой деятельности акима области, заместителей акима области и руководителя аппарата;

      10) разработка проектов нормативных правовых актов акимата и акима области;

      11) осуществление правового мониторинга принятых постановлений акимата области, решений и распоряжений акима области для выявления противоречащих законодательству и устаревших норм права, оценки эффективности их реализации, своевременного принятия мер по внесению в них изменений и дополнений или признанию их утратившими силу;

      12) обеспечение взаимодействия акима области с областным маслихатом;

      13) контроль за выполнением актов акимата и акима области;

      14) проведение кадровой работы в соответствии с требованиями Закона Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан", Указов Президента и постановлений Правительства Республики Казахстан, принятых в его реализацию, Трудового кодекса Республики Казахстан;

      15) подготовка предложений по вопросам представления на согласование к назначению и замещению вакантных должностей политических и административных государственных служащих;

      16) подготовка соответствующих документов для представления к награждению государственными наградами Республики Казахстан, Почетными грамотами и благодарностями акима области, оформление наградных документов, формирование банка данных о награжденных;

      17) обеспечение деятельности единых дисциплинарной и конкурсной комиссий;

      18) обеспечение взаимодействия с государственными, правоохранительными органами и общественными организациями по вопросам поддержания правопорядка, профилактики правонарушений и коррупции, противодействия терроризму;

      19) финансово-хозяйственное и транспортное обеспечение деятельности акимата и акима области;

      20) техническое оснащение служебных кабинетов, залов заседаний в соответствии с нормативными требованиями;

      21) обеспечение условий для сохранения государственной и служебной тайн, секретного делопроизводства;

      22) подготовка визитов и приемов официальных делегаций, юбилейных мероприятий и встреч;

      23) обеспечение учета и рассмотрение служебных документов и обращений физических и юридических лиц, организация проведения личного приема, проведение анализа по их обращениям;

      24) учет и регистрация актов, изданных акиматом и акимом области;

      25) осуществление контроля за исполнением поручений акима области, данных в ходе заседаний акимата области, отчетных встреч с населением районов области и города Петропавловска, селекторных и рабочих совещаний, рабочих поездок.

      26) совершенствование форм и методов работы с документами;

      27) обеспечение единого порядка делопроизводства, организации работы с документами, контроля их исполнения и подготовки для передачи в ведомственный архив;

      28) функционирование системы электронного документооборота и сокращение объема документооборота;

      29) подготовка предложений по вопросам бюджетной политики и межбюджетных отношений, экономической, финансовой и налоговой политики;

      30) реализация Системы государственного планирования и ежегодной оценки эффективности деятельности местных исполнительных органов области;

      31) обеспечение деятельности комиссий и рабочих групп;

      32) обеспечение соблюдения законности в деятельности акимата и акима области, заместителей акима области и аппарата;

      33) защита правовыми средствами имущественных и иных законных прав и интересов акимата и акима области, аппарата;

      34) пропаганда и разъяснение действующего законодательства Республики Казахстан;

      35) организация работы по совершенствованию нормотворчества;

      36) обеспечение учета наличия и движения имущества и обязательств, использование материальных и финансовых ресурсов в соответствии с утвержденными нормами, нормативами и сметами, индивидуальными планами финансирования бюджетных программ по обязательствам и платежам, предотвращение отрицательных результатов хозяйственной деятельности;

      37) формирование кадрового потенциала для государственной службы;

      38) обеспечение реализации государственной политики в области общественного согласия и общенационального единства;

      39) проведение мероприятий в области противодействия терроризму;

      40) осуществление внутреннего государственного аудита в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      41) выполнение процедур организации и проведения государственных закупок в соответствии с действующим законодательством.

Глава 3. Статус, полномочия первого руководителя коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Северо-Казахстанской области"

      16. Руководство коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Северо-Казахстанской области" осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима Северо-Казахстанской области" задач и осуществление им своих функций.

      17. Первый руководитель коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Северо-Казахстанской области" назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан" и трудовым законодательством Республики Казахстан.

      18. Первый руководитель коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Северо-Казахстанской области" имеет заместителей, которые назначаются на должности, и освобождаются от должностей в соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан" и трудовым законодательством Республики Казахстан.

      19. Полномочия и обязанности первого руководителя коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Северо-Казахстанской области":

      1) организует и руководит работой аппарата акима области и несут персональную ответственность за выполнение возложенных на аппарат функций и задач;

      2) контролирует исполнение законодательства о государственной службе в аппарате;

      3) обеспечивает соблюдение законодательства о государственных гарантиях равных прав и равных возможностей мужчин и женщин;

      4) несет персональную ответственность за соблюдение антикоррупционного законодательства сотрудниками аппарата;

      5) организует, и направляет работу структурных подразделений аппарата, координирует их взаимодействие;

      6) назначает на должность и освобождает от должности руководителей структурных подразделений аппарата и сотрудников аппарата, формирует резерв кадров аппарата, формирует и руководит аттестационной комиссией аппарата акима области;

      7) представляет на утверждение акимату области Положение об аппарате, структуру и лимит штатной численности, устанавливает доплаты, материальное поощрение государственных служащих (премии) в пределах экономии фонда оплаты труда;

      8) подписывает служебную документацию в пределах компетенции аппарата;

      9) устанавливает внутренний трудовой распорядок в аппарате акима области;

      10) представляет на утверждение акиму области штатное расписание;

      11) согласовывает, и представляет на рассмотрение акимату и акиму области проекты нормативных правовых актов и другие документы;

      12) утверждает после согласования с соответствующими заместителями акима области планы работы структурных подразделений аппарата;

      13) в соответствии с действующим законодательством поощряет сотрудников аппарата, и налагает на них дисциплинарные взыскания;

      14) утверждает смету расходов аппарата, распоряжается финансовыми средствами, предусмотренными бюджетом;

      15) утверждает положения о структурных подразделениях аппарата, Сборник квалификационных требований к административным государственным должностям;

      16) вносит акиму области предложения по перспективному планированию и текущей организации работы аппарата;

      17) издает приказы по личному составу, направляет служащих аппарата в командировки;

      18) обеспечивает учебу, подготовку, переподготовку и повышения квалификации кадров государственных служащих в Академию государственного управления при Президенте Республики Казахстан;

      19) без доверенности представляет аппарат в государственных органах, иных организациях.

      Исполнение полномочий первого руководителя коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Северо-Казахстанской области" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      20. Первый руководитель определяет полномочия своих заместителей в соответствии с действующим трудовым законодательством Республики Казахстан и Законом Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан".

Глава 4. Имущество коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Северо-Казахстанской области"

      21. Коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима Северо-Казахстанской области" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных Законами Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и "О государственном имуществе".

      22. Имущество, закрепленное за коммунальным государственным учреждением "Аппарат акима Северо-Казахстанской области", относится к областной коммунальной собственности.

      23. Коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима Северо-Казахстанской области"" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено бюджетным законодательством Республики Казахстан и Законом Республики Казахстан "О государственном имуществе".

Глава 5. Реорганизация и упразднение коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Северо-Казахстанской области"

      24. Реорганизация (слияние, присоединение, разделение, выделение, преобразование) и упразднение коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Северо-Казахстанской области" осуществляются в соответствии с гражданским законодательством Республики Казахстан.