Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Бірлік ауылдық округі әкімінің 26.07.2024 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындығы ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2024 жылғы 03 маусымдағы 09-02-02/199 ұсынысы негізінде Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Бірлік ауылдық округінің әкімі, ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Старобелка ауылының, Бірлік ауылдық округінің, Школьная көшесінің 7/2 үйінің аумағында құтыру ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | А. Әржікеев |