Шектеу іс-шараларын тоқтату және Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Бірлік ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 05 маусымдағы № 9 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Бірлік ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 26 шілдедегі № 14 шешім

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындығы ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының м.а. 2024 жылғы 25 шілдедегі 09-02-02/261 ұсынысы негізінде Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Бірлік ауылдық округінің әкімі, ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Бірлік ауылдық округінің Старобелка ауылының Школьная көшесінің 7/2 үйінің аумағында құтыру ауруының ошағын жою бойынша ветеринариялық іс-шаралар кешенінің аяқталуына байланысты.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Бірлік ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 05 маусымдағы № 9 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 197377 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі А. Әржікеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады