Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындығы ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының м.а. 2024 жылғы 25 шілдедегі 09-02-02/261 ұсынысы негізінде Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Бірлік ауылдық округінің әкімі, ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Бірлік ауылдық округінің Старобелка ауылының Школьная көшесінің 7/2 үйінің аумағында құтыру ауруының ошағын жою бойынша ветеринариялық іс-шаралар кешенінің аяқталуына байланысты.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Бірлік ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 05 маусымдағы № 9 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 197377 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | А. Әржікеев |