2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағының, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Нежинка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Нежинка ауылдық округі, Нежинка селосы мекенжайында орналасқан жалпы ауданы 0,0005 га, 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге талшықты-оптикалық байланыс желісі мен телефон кәрізін төсеу және оған қызмет көрсету үшін жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
Жер учаскесіне шектеулер, ауыртпалықтар: жоқ.
Жер санаты: елді мекендердің (қалалардың, кенттердің және ауылдық елді мекендердің) жерлері.
Жер учаскесінің санау: бөлінетін
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | М. Дүйселеков |